16.04.2024

Айлық жол жүруді сатып алу ережелері

Достар, айлық жол жүруді сатып алу ережесін естеріңізге саламыз.

Келесі айға «Айлық жол жүруді» сатып алу әр айдың 16-нан басталады және алдағы айдың 15-не дейін қолжетімді. Айлық жол жүру 1 күнтізбелік айға, яғни әр айдың 1-нен 30/31-не дейін жарамды болады.

Мәселен, мамыр айына арналған жол жүруді бүгіннен бастап сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, айлық жол жүру құны:
- қалалық бағдарлар үшін – 7500 теңге;
- қалалық + қала маңы үшін – 9500 теңге.

Айлық жол жүру тарифімен сапарларды шектеусіз жасауға болады.
Айлық жол жүру бір айға жарамды, 1-нен 30/31-не дейін.

Ұмытпаңыздар: Айлық жол жүру айдың 1 және 15 күндері аралығында сатып алынса, онда ол сол айдың тек соңына дейін жарамды.

Тізімге оралу

KZ  RU