Көлік мамандарын оқыту

Орталық туралы

Көлік мамандарының біліктілік орталығы 2014 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді және қалалық жолаушылар көлігі жүргізушілерінің, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін пайдаланушылардың консультанттарының, такси жүргізушілерінің және көлік секторының басқа да мамандарының біліктілігін арттыруға маманданған.

Орталықтың қызметі

Біліктілік орталығы:

1. халықаралық талаптарды ескере отырып, мамандарды кәсіби даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі;

2. көлік кәсіпорындарының кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді;

3. халықаралық оқу бағдарламалары үшін алаң құрады.

Оқу бағдарламаларына сәйкес, Орталық:

1. психологиялық және психофизиологиялық тестілеу;

2. жол қозғалысы ережелерін білуге, нормативтік-құқықтық актілерді білуге тестілеу;

3. кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша практикалық сабақтар өткізеді.

Орталықтың жабдықталуы

Орталық дәріс залдарымен, теориялық және практикалық сабақтар өткізуге арналған компьютерлік кабинеттермен, сондай-ақ арнайы жабдықталған технологиялық кабинетпен жабдықталған.

Негізгі көрсеткіштер

2014 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін біліктілік орталығында әртүрлі бағдарламалар бойынша 16 мыңнан астам тыңдаушы оқытылды, оның ішінде 12 мыңға жуық жүргізуші және 500 қоғамдық көлік бақылаушысы, 550 полиция қызметкері, 200-ден астам call-орталық операторлары және 200 такси қызметінің жүргізушілері, сондай-ақ әртүрлі кәсіпорындардың басқа да мамандары бар.

Біздің курстар

Атауы
Сағат саны
Оқу бағасы, теңге
Оқыту түрі

Психо-физиологиялық тест

3 сағат 2 018 күндізгі
Тайм-менеджмент 4 сағат 5 382 күндізгі, қашықтықтан
Команда құру
8 сағат 6 727 күндізгі, қашықтықтан

Конфликтология

16 сағат 10 764 күндізгі, қашықтықтан
Стресс-менеджмент 12 сағат 10 764 күндізгі, қашықтықтан
Қызметкердің қызметтік этикасы мен имиджі
8 сағат 6 727 күндізгі, қашықтықтан
Телефонмен сөйлесу дағдылары
16 сағат 10 764 күндізгі, қашықтықтан
Call орталықтың операторы
32 сағат 14 352 күндізгі, қашықтықтан
Балалар қауіпсіздігі
24 сағат 10 764 күндізгі, қашықтықтан
Жолаушылар тасымалы диспетчері
32 сағат 14 352 күндізгі, қашықтықтан
Мектеп автобусының жүргізушісі
32 сағат 14 352 күндізгі, қашықтықтан
Коммуналдық қызметтердің жүргізушісі
40 сағат 13 455 күндізгі, қашықтықтан
Маршруттық көлік құралының жүргізушісі
40 сағат 13 455 күндізгі, қашықтықтан
Такси қызметінің жүргізушісі
24 сағат 10 764 күндізгі, қашықтықтан
Жүк және мамандандырылған көлік құралының жүргізушісі
40 сағат 13 455 күндізгі, қашықтықтан
Жүргізушілердің біліктілігін арттыру
32 сағат 14 352 күндізгі, қашықтықтан
Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инженер
16 сағат 10 764 күндізгі, қашықтықтан
Бақылау-техникалық пунктінің механигі
16 сағат 10 764 күндізгі, қашықтықтан
Кондуктор-консультант
8 сағат 6 727 күндізгі, қашықтықтан


Біздің командмыз

Ильгундинов Нурлан Тасбулатович - Директор

2008 жылдан бастап логистика және теміржол көлігіндегі тасымалдау саласында өңірлік деңгейдегі басшыға дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Астана қаласының Көлікті диспетчерлеу орталығында түрлі қызметтер атқарған. Сату саласындағы жұмыс тәжірибесі бар. Түрлі оқыту курстарының, іс-шаралар мен форумдардың марапаттары мен сертификаттары бар.


Сапарова Динара Юрьевна - Менеджер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-Құрылыс факультетін бітірген.  Жалпы еңбек өтілі - 7 жыл. Еңбек жолын Алматы қаласында инженер-жобалаушы болып бастаған. Одан әрі Мәскеу қаласында көлік логистикасы маманы, жоба жетекшісі болған. Халықаралық көрмелер мен форумдарға тұрақты қатысқан.



Беспаев Талгат Галымжанович - Оқытушы
Арқалық педагогикалық институтын бітірген. 2008 жылға дейін білім беру жүйесінде жұмыс істеді. 2014 жылға дейін автомектептің директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылы Біліктілік орталығына ЖЖЕ бойынша арнайы пәндердің оқытушысы ретінде жұмысқа шақырылды. Францияда тағылымдамадан өтті. ЖЖЕ оқыту бойынша жұмыс тәжірибесі 20 жылдан астам.


Кульмуханова Дана Утебаевна - Оқытушы

Педагогика магистрі. Еңбек жолын Ақмола облысының Облыстық психоневрологиялық ауруханасында патопсихолог қызметінен бастады. Әр түрлі білім беру және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген және 2014 жылдан бастап Біліктілік орталығында психолог қызметін атқаруда. Түрлі халықаралық байқаулар мен форумдардың сертификаттары, грамоталары және алғыс хаттары, сондай-ақ психология және педагогика бойынша ғылыми еңбектері бар.



Нугуманова Бибигуль Базаровна - Оқытушы
1990 жылдан бастап әртүрлі ұйымдарда оқытушы болып жұмыс істеді. 2013 жылы Д. Қонаев атындағы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014 жылдан бастап Біліктілік орталығында қызмет атқаруда. Түрлі халықаралық байқаулар мен форумдардың марапаттары мен сертификаттары бар.



Алданазарова Алия Гаккашевна - Оқытушы
Педагог-психолог, практикалық психолог. 2004 жылдан бастап әртүрлі білім беру ұйымдарында психолог болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап Біліктілік орталығының оқытушысы. Корпоративтік оқыту, психодиагностика және психология бойынша бірқатар сертификаттары бар. Қазақстан психологтар қауымдастығының мүшесі.

Біздің байланыс

Мекен-жайы: Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 33-үй, "Есіл" ауданы әкімі аппаратының ғимараты, 5-қабат

E-mail: qc@cts.gov.kz , qc.nursultan@gmail.com

Тел: +7 (7172) 270-107 (іш. нөмірі 40), 270-108

WhatsApp: +7 771 958 2917


KZ  RU