02.05.2024

Қоғамдық көлік жұмысынан хабардар болыңыздар

Құрметті жолаушылар!

Жазғы кезеңнің басталуымен қала көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған орай, көшелер мен учаскелердің уақытша толықтай немесе ішінара жабылғандығы, кейбір қала бағдарларының қозғалыс сызбалары өзгергендігі туралы ақпарат береміз.

Бағдарлар сызбаларының өзгергендігін City Transportation Systems компаниясының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында: Instagram – @cts_kz, Facebook – @CTS, телеграмм – @citytransportationsystems, WhatsApp – @CTS – CityTransportationSystems немесе iKomek109 бірыңғай байланыс орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласып білуге болады.

Өзіңізге оқуға ыңғайлы парақшамызға жазылып, қоғамдық көлік жұмысы бойынша жедел ақпараттан әрдайым хабардар болыңыздар!

Тізімге оралу

KZ  RU